Президент • 29 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп жұмысын сынға алды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына көңіл бөліну керек деді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп жұмысын сынға алды

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп саласында бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалмай жатқанын айтты.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет. Ашығын айтсақ, агроөнеркәсіп кешені бұл міндетті толық орындап отырған жоқ. Осы саладағы саясат бірізді емес. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат тиімді жұмсалмайды. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп», деді Президент.

Сондай-ақ ол «Ауыл – ел бесігі» жобасы әрі қарай жалғаса беретінін айтты.

«Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Сонымен қатар ауыл-аймақтарды кешенді түрде өркендету аса маңызды. Елімізде бірнеше жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында 1 мыңнан астам ауылдағы үш мың жеті жүз нысан жаңғыртылды. Оның бәрі – әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады», деді Қ.Тоқаев.